Бауыржан Исламхан жасыл алаңға қашан оралады?

Бауыржан Исламхан жасыл алаңға қашан оралады?
Фото: ©instagram.com/fc__ordabasy/

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан қашан жасыл алаңға оралатыны белгілі болды, - деп жазады Vesti.kz

31 жастағы "Ордабасы" ойыншысы қазіргі таңда Түркияда жекелей жаттығу жұмыстарымен айналысуда. Өткен жылдың күзінде Исламхан Германияда оң аяғына ота жасатқан болатын. 

Жартылай қорғаушы наурыз айының екінші жартысында жасыл алаңға оралады деп күтілуде. Алайда ұлттық құраманың електік кезеңдегі Грекияға қарсы ойынына қатыса алмайды. 

Айта кетейік, Бауыржан Исламхан былтырғы ҚПЛ-дің 20-турында "Ордабасының" "Қайратқа" қарсы ойынында жарақат алып қалған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай