Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Дубайдағы турнирде ойнаудан бас тартты

Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Дубайдағы турнирде ойнаудан бас тартты
Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалдық ойынына қатысудан бас тартты. 

Қазақстандық теннисші асқазан-ішек жолдарының ауруына қатысты осындай шешім қабылдаған. 

«Қатарынан 3 турнирде өнер көрсету оңай емес. Организм шаршағандықтан жарақат алып қалды. Барлығы ойдағыдай болса 6 наурызда болатын Индиан-Уэллс және 19 наурыздағы Miami Masters турниріне қатысады», – деді теннис федерациясының баспасөз хатшысы Асқар Ағатаев. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай