"Барселонада" ойнаған танымал футболшы 4,5 жылға сотталды

"Барселонада" ойнаған танымал футболшы 4,5 жылға сотталды
Фото: ©instagram.com/danialves

Испанияның "Барселона", "Севилья" және Францияның ПСЖ клубтарында ойнаған танымал бразилиялық футболшы Дани Алвес 4,5 жылға сотталды. Сот оны жас қызға жыныстық зорлық көрсеткені үшін айыпты деп таныды. 

Marca басылымы ақпараты бойынша футболшы 4,5 жыл жазасын түрмеде өтейді. Зардап шеккен тарапқа 150 мың еуро төлейді, сондай-ақ шыққаннан кейін тағы 5 жыл шартты жаза күтіп тұр. 

Бразилиялық футболшыға қатысты сот ісі 7 ақпан күні аяқталған болатын. 15 күн өткеннен кейін шешімі шығып, Дани Алвеске жаза кесілді. 

Айта кетейік, Дани Алвес футбол тарихында ең көп жүлде жеңіп алған футболшылардың бірі. Мессиден кейін 43 ірі жарыста жеңімпаз атанған. Кей бейресми деректерде аргентиналық ойыншыдан да көп жүлдеге қол жеткізгені айтылады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай