Қазақстандық таеквондошылар Антальядағы жарыста 3 жүлде жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошылар Антальядағы жарыста 3 жүлде жеңіп алды
Фото: @Turkish Open

Түркияның Анталья қаласында таеквондодан G1 санатына кіретін Turkish Open халықаралық жарысы аяқталды, – деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасы ересектер арасында 3 медаль жеңіп алды. Алғашқы жарыс күні Жансель Дениз (73 кг) финалда қарсыласқа жол берген. Кейіннен Самирхон Абабакиров (73 кг) те күміс жүлдегер атанса, Руслан Жапаров (+87 кг) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасындағы бәсекені қоса алғанда турнирге 60 мемлекеттен 1900-ге жуық татами шебері жиналды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай