Александр Шевченко әлемнің 7-ракеткасын жеңіп, Роттердамдағы турнирдің ширек финалына шықты

Александр Шевченко әлемнің 7-ракеткасын жеңіп, Роттердамдағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Александр Шевченко Роттердамдағы турнирдің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол турнирдің 1/8 финалында әлемнің 7-ракеткасы Хольгер Рунемен кездесті. Үш сетте созылған матчта қазақстандық теннисші 6:4, 1:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Шевченко матч кезінде алты эйс пен бір қос қателік жасады, үш брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.

Енді қазақстандық теннисші турнирдің ширек финалында әлемнің 13-ракеткасы Григор Дмитровпен шеберлік байқасады.

Еске салайық, Александр Шевченко 29 қаңтардан бастап Қазақстан атынан өнер көрсете бастады. Ол бұған дейін Ресей атынан сынға түсіп жүрген еді. Александр Шевченко Монпельедегі (Франция)  ATP 250 турнирінің ширек финалына дейін жетіп, онда тағы бір қазақстандық теннисші Александр Бубликтен жеңілді. Александр Бублик осы турнирде жеңіске жеткен еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан