"Барыс" 11 ойыннан кейін жеңіске жетті

"Барыс" 11 ойыннан кейін жеңіске жетті
Фото: ©ХК "Барыс"

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын "Барыс" 11 ойыннан кейін алғаш рет жеңіске жетті. Елордалық команда сырт алаңда "Адмиралдан" басым болды. 

Кеше өткен Владивостоктағы бірінші ойында мұз айдын иелері жеңіске жеткен еді. Бүгін 3:2 есебімен "Барыс" басым болды. Ойында Евгений Рымарев дубль жасаса, бір шайбаны Энтони Камара өз еншісіне жазды. 

Үшінші кезеңде "Адмирал" екі шайба соғып есепті теңестіруге дейін шақ қалды. "Барыс" ойыншылары жеңісті уыстан шығармай, 11 ойыннан кейінгі жеңісіне қол жеткізді. 

Екі команданың да плей-оффқа шығу мүмкіндігі жоқ. 

"Барыс" келесі ойынын 16 және 18 ақпанда Хабаровскіде "Амурге" қарсы өткізеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай