Grand Slam турнирі. Бакуге баратын дзюдошылар белгілі болды

Grand Slam турнирі. Бакуге баратын дзюдошылар белгілі болды
Фото: olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан командасының бапкерлер штабы Бакуде өтетін Grand Slam турниріне қатысатын балуандар тізімін жариялады, – деп жазады Olympic.kz.

Рейтингілік турнир 16-18 ақпан аралығында өтеді. Әлемдік жарысқа 64 келден 413 спортшы қатысады деп күтілуде. 

Жарыстың жалпы жүлде қоры 154 мың АҚШ долларын құрайды. 

Ерлер: 

60 келі. Дәурен Сүйеукенов, Бауыржан Нарбаев
66 келі. Алмас Ғалымов, Сұңғат Жұбатқан
73 келі. Жансай Смағұлов, Бақытжан Абдурахманов
81 келі. Аңсарбек Ғайнуллин, Айбол Нысанәлі
90 келі. Ермахан Әнуарбеков, Мұхаммедали Мавлидов
100 келі. Әділет Сапарғалиев, Ислам Бозбаев
+100 келі. Еламан Ерғалиев, Әділ Оразбаев

Әйелдер: 

48 келі. Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
52 келі. Толғанай Әбеуова, Балнұр Әбдешова
57 келі. Балнұр Құсақбаева
63 келі. Эсмигүл Куйолова, Зарина Сарипова
70 келі. Екатерина Токарева
78 келі. Аруна Жангелдина, Маргарита Гриценко
+78 келі. Кәмила Берліқаш,  Карина Такиева

Айта кетейік, Бакуден кейін 1-3 наурыз күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан кезекті Grand Slam турнурі өтеді. Оған баратын да спортшыларымыз анықталып үлгерді.

О. Сансызбай