Қазақстандық боксшы қарсыласын 12 секундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы қарсыласын 12 секундта нокаутқа түсірді
Фото: ©instagram.com/kazproboxing/

Ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Асхат Жантұрсынов (7-1, 6 КО) кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегін өткізді. Бакуде өткен бокс кешінде грузин боксшысы Мугавил Мусаевпен (3-2, 2 КО) кездесті. 

Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек жылдам аяқталды. Асхат Жантұрсынов қарсыласын 12 секундта-ақ нокаутқа түсірді. Осылайша кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Мугавил Мусаев үшінші рет жеңілістің кермек дәмін татты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @proboxingkaz

Айта кетейік, Бакудегі бокс кешінде қазақстандық Ангелина Лукас та шаршы алаңға шықты. Ол да қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңіп, жеңілірек салмақта WIBA чемпиондық белбеуін жеңіп алды.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай