Қазақстандық тағы бір танымал ауыратлет қайтыс болды

Қазақстандық тағы бір танымал ауыратлет қайтыс болды
Фото: ©instagram.com/wf_rk/

2016 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, бірнеше дүркін ел чемпионы атанған қазақстандық ауыратлет Вячеслав Ершов қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы хабарлады.

29 қаңтарда ауыратлет Вячеслав Ершов өмірден өтті. Ол 2006 жылы Дохада Азия ойындарының чемпионы болған, әлем чемпионатына қатысушы. Ел біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы. ҚР Ауыр атлетика федерациясы Вячеславтың жақындарына қайғыра көңіл айтады», - деп жазылған федерация таратқан ақпаратта.

Вячеслав Ершов 2013 жылы Мая Манезамен отау құрған. Екі баласы бар. Өмірден қалай өткені туралы ақпарат жоқ. 

Бұған дейін Альберт Линдер мен Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмған еді. Айналдырған екі-үш жылдың ішінде үшінші ауыр атлет өмірден өтті. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай