Су спорты түрлерінен Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ерекше спорттық нәтиже тіркелді. 100 метрге брасс әдісімен жүзуде үш бірдей спортшы бірдей нәтиже көрсетіп, үшеуі де күміс жүлдегер атанды.
Бұл қашықтыққа жүзуде қытайлық Цинь Хайян (57,69 секунды) үздік шықты. Үздік шығып қана қоймай, осы қашықтықты ең жылдам жүзіп өткен екінші адам саналды. Рекорд британдық жүзгіш Адам Питиге (2019 ж, 56, 88 сек) тиесілі.
Қытайлық спортшыдан кейін 58,72 секунд көрсеткішімен италиялық Николо Мартиненги, нидерланд Арно Камминга және америкалық Ник Финк жетті. Үшеуі де бірдей нәтиже көрсеткеннен кейін, үшеуі күміс жүлдегер болып танылды.
Бұл нағыз таңданатын, ақылға қонымсыз сәт. Жарыс алдында біз үшеуміз екі жүлдеге таласамыз деп ойлағанмын, бірақ мен үшеуміз де бірдей жүлде аламыз деп ойламадым, бұл деген – таңданарлық көрсеткіш, - деді Николо Мартиненги.
Италиядан келген спортшы 100 метрге брасс әдісімен жүзуде өткен жылы чемпион болған. Сондай-ақ Токиодағы Олимпиада ойындарында күміс медаль еншілеген.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!