"10 жыл күтеді". Министрлік өкілі Сәкен Бибосыновтың пәтер дауына қатысты пікір білдірді

Бокстан Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Түркістан қаласында өзіне берілген 2 бөлмелі пәтерді әлі күнге атына рәсімдей алмай жүргені жайлы ақпарат жуырда БАҚ беттерінде тараған болатын. Бұған қатысты бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз жиыны кезінде ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова нақты жауап берді. 


ortcom.kz

Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер беру туралы заң 2014 жылы қабылданған. Ал ол пәтерді 10 жыл бойы өз атына аударуға шектеу қоятын норма 2019 жылы енгізілді. Пәтер С.Бибосыновқа 2021 жылы берілді. Сондықтан ол пәтерді өз атына 10 жыл өткеннен кейін ғана аудара алады», - деді Айгүл Бектенова.

Айта кетейік, 2019 жылғы норма бойынша Олимпиада чемпионы және жүлдегері атанған спортшыға берілетін пәтер мемлекет меншігінде болады. Шарт бойынша 10 жылдан кейін ғана тұрып жатқан үйді өтеусіз негізде меншікке алады. Осы уақыт аралығында спортшы допинг қолданған немесе пайдалануға әрекет жасаған жағдай бойынша спорттық нәтижесі жойылғанда 10 жылға жасалған шарт бұзылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!