Зарина Диас Жапониядағы турнирді сәтті бастады

 Зарина Диас Жапониядағы турнирді сәтті бастады
Фото: ©Australian Open

Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсететін Зарина Диас Жапонияның Курумэ қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші кезеңіне жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бірінші айналымда ол жапониялық Киса Ешиокадан басым түсті.

Зарина Диас қарсыласын екі сетте жеңді. Кездесу 6:4, 6:0 есебімен аяқталды.

Келесі кезеңде қазақстандық теннисші тағы бір жапониялық спортшы Лиза-Мария Риумен кездеседі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget