17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы ITF Juniors әлемдік рейтингінде орнын өзгертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында жартылай финалға шыққан Заңғар Нұрланұлы 12-ден 9-орынға көтерілді.
Осылайша спортшы әлемдегі үздік 10 теннисшінің қатарына енді.
Айта кетейік, былтыр Заңғар Нұрланұлы АҚШ ашық чемпионатының да жартылай финалына дейін жеткен болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова