Йога – дене мен ойдың қатар тынығатын сәті. Бұл уақытта артық килокалорияны жоймауыңыз әбден мүмкін. Дегенмен, йога адам санасын тазартады. Егер өміріңізде бір рет йога сыныбына барған болсаңыз, мына ойлардың бірі басыңызға міндетті түрде келгені анық. Сенбейсіз бе?
Студиядағы алғашқы күн: «Қандай ыңғайлы бөлме. Мынау ненің иісі? Тер, май шам?».
Залдағы алғашқы күн: «Жаттықтырушы қайда? Неге бәрі не істеу керектігін біледі? Мен ғана ақымақпын ба? Үйге қайтқым келеді...».
Кілемшені таңдау: «Қазір бәрін білетін адамша отырамын».
Лотос кейіпі: «Бастайық. Тыныш. Дем ал. Бар назарыңді ретке келтір. Жағымды нәрсе ойлашы, өтінемін...»
Планка: «Мен қауырсындай жеңілмін, тастай ауырмын».
Чатуранга: «Чат-у-қалай-қалай? Қойшы, оданда кілемде тынығып жата тұрайын».
Ит кейіпі: «Жарайды, мынау бәрінен жеңіл екен. Айтпақшы, мына үстімдегі киім сондай ыңғайлы».
Әскер кейіпі: «Неге сонша тесіліп қарайды? Дұрыс жасап жатқан сиқтымын ғой. Иә?»
Тұрып алға қарай иілу: «Бұл да оңай...Жоқ. Қиын».
Орындық кейіпі: «Орындықпен ешқандай ұқсасығы жоқ. Неге қиын?».
Виньяса. «Неге мен ғана қатты қиналамын?!»
Үшбұрыш кейіпі: «Қиын емес. Күні бойы қиындықсыз тұра аламын».
1-минуттан соң:
«Қашанғы тұрамын?!»
Өлі дене кейіпі: «Міне, мынау маған арналған».
Сабақ аяқталды: «Неге?»