- Негізгі бет
- Спорт
- УЕФА The...
УЕФА The Best: Роналду мен Месси үздік үштікке енбеді
УЕФА 2020/21 жылдың үздік ойыншысы атануға үміткерлердің үштігін жариялады.
Үздік үштік құрамына Жоржиньо ("Челси", Италия), Канте ("Челси", Франция) және Кевин де Брюйне ("Манчестер Сити", Бельгия) кірген.
Үш финалист Еуро-2020 -ға қатысқан 24 команданың бапкері, өткен маусымда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне қатысқан клубтардың 80 бапкерінің арасында дауыс беру арқылы анықталды. Сондай -ақ, 55 журналист өз дауысын бере алды.
Айта кетерлігі, Криштиану Роналду мен Лионель Месси үздік үштікке енбей қалды.
"The Best-тің" жеңімпазы 26 тамызда Стамбулда, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жеребе тартылатын кезде анықталады.
Айта кетейік, "France Football" журналы 2016 жылдан бастап Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген болатын. Нәтижесінде басылым "Алтын доп" иегерін өздері анықтаса, ФИФА "The best" сыйлығын табыстауды қолға алған еді. Биыл "The Best" сыйлығы алтыншы рет табысталды.
ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы ұлттық құрамалар жаттықтырушылары мен капитандары, журналистер мен жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталды.
Т. Раушанұлы