Ресейлік екі файтер тікелей эфирде төбелес шығарды

ACA MMA лигасының ресейлік файтерлері Андрей Гончаров пен Биберт Туменов "Матч ТВ" арнасының тікелей эфирінде төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Басылым мәліметінше, Гончаров пен Туменов алдымен көз арбасып, кейін арада келіспеушілік туындап, бір-біріне түрлі ауыр сөздер айта бастаған.

"Менде тек жағымды эмоция. Ал оның бойынан қорқыныш пен дірілдегенін көріп тұрмын. Тіпті терлеп кеттің", - деді Туменов Гончаровқа.

"Сен менің көзімнен қорқынышты ешқашан көрмейсің, бұл анық", - деп жауап берді Гончаров.

"Қорықпасаң жекпе-жекті дәл қазір бастайық, проблема жоқ шығар?" - деді Түменов.

Осындай сөздерден кейін қарсыластар төбелесіп кеткен.

Гончаров пен Туменов арасындағы жекпе-жек 4 қарашада ACA 147 турнирі аясында өтеді. ММА бойынша Гончаров 15 жеңіс пен үш жеңіліске ие болса, Туменов 11 жеңіс пен екі жеңіліске ие.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!