МЮ финал үшін матчте қарсыласын тас-талқан қылды

 МЮ финал үшін матчте қарсыласын тас-талқан қылды
Фото: ©x.com/ManUtd

"Манчестер Юнайтед" Еуропа лигасы жартылай финалының бірінші матчінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қызыл сойқандар" Бильбао қаласында "Сан-Мамес Барриа" стадионында "Атлетиктен" 3:0 есебімен басым түсті.

Алғашқы голды 30-минутта Каземиро соқты. 37-минутта Бруну Фернандеш пенальтиден есепті еселей түсті. 45-минутта үшінші гол да Фернандештің еншісіне жазылды.

Айта кетейік, алаң иелері 35-минуттан бастап аз құраммен ойнады. Себебі Дани Вивиан "соңғы үміт" фолын жасап, алаңнан қуылды, ал "Атлетик" қақпасына пенальти белгіленді.

Қарымта матч 9 мамырға қараған түні өтеді. Ал финал 21 мамырда Бильбаодағы осы стадионда өтеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget