Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияда өткен ITF W50 сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Финалдық кездесуде ол Аяно Шимицуді 6:4, 6:3 есебімен ұтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл титул - Зарина үшін биылғы маусымдағы алғашқы жеңіс, ал ITF турнирлері аясында жалпы 11-ші жеңісі. Сонымен қатар, оның жетістіктерінің қатарында 2010 жылы Токиода жеңіп алған WTA 250 турнирінің титулы да бар.
Еске салайық, Зарина 2024 жылы мамырда жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа қайта оралған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жапониядағы бұл жеңістің арқасында теннисші әлемдік рейтингтегі орнын едәуір жақсартып, 275-орынға көтерілді, бұл өткен аптамен салыстырғанда 43 сатыға жоғары.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова