Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәмилә Бақбергенова Ресейдің Красноярск қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз дәстүрлі Иван Ярыгин кубогында 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.
Шешуші белдесуде Жәмилә Бақбергенова Болртунгалаг Зоригтті (Моңғолия) жеңді.
Айта кетейік, Нұрзат Нұртаева (Қырғызстан) мен Ксения Буракова (Ресей) үшінші орын алды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!