Головкин Өзбекстан президентімен кездесті

Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев Ташкентте World Boxing халықаралық федерациясының президенті Геннадий Головкинді қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ресми кездесу барысында тараптар олимпиадалық боксты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және әріптестік аясын кеңейту мәселелерін талқылады.

Геннадий Головкин Өзбекстанның әлемдік бокстағы стратегиялық маңызына ерекше тоқталып, елдің Азия аймағында боксты дамытуға белсенді үлес қосып келе жатқанын, сондай-ақ, әлемдік және құрлықтық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастырудағы тәжірибесін айтты.

Кездесу кезінде тараптар ортақ жобаларды іске асырудың негізгі бағыттарын, спорт нысандарын дамыту мәселесін және құрлық көлемінде олимпиадалық қозғалыс аясындағы өзара ынтымақтастықты жүйелеу жолдарын талқылады.

ҰОК

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!