ФИФА рейтингінде Қазақстан құрамасы орнын өзгертті

 ФИФА рейтингінде Қазақстан құрамасы орнын өзгертті
Фото: ҚФФ

Қазақ ұлттық құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде бір саты төмен сырғыды. Жаңа рейтинг ұйымның ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маусымда Әли Әлиевтің жетекшілігіндегі команда екі ойын өткізді. 9 маусымда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен ойнап, 0:1 есебімен ұтылды.

4 маусымда Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Беларусь құрамасына 1:4 есебімен ұтылды.

ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында өзгерістер болды. 10 шілдедегі ФИФА рейтингі:

1 (1). Аргентина - 1885,36
2 (2). Испания - 1867,09
3 (3). Франция - 1862,03
4 (4). Англия - 1813,32
5 (5). Бразилия - 1777,69
6 (7). Португалия - 1770,53
7 (6). Нидерланды - 1758,18
8 (8). Бельгия - 1736,38
9 (10). Германия - 1716,98
10 (11). Хорватия - 1707,51
...114 (113). Қазақстан - 1165,49

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget