Kental атымен танымал қазақстандық әнші Талғат Кенжеболатов волейболшы Сабина Алтынбекованың жазбасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы vesti.kz жазды.
Бұған дейін спортшы өзінің жоғары табысы туралы ақпаратқа түсініктеме берген болатын. Kental әзілдеп одан қарыз сұрады.
"Дүйсенбіге дейін 20 000 доллар қарыз бере тұршы, - деп жазды әнші.
Еске салайық, наурыз айында Сәбина Алтынбекова өнер көрсететін БАӘ-нің "Аль-Васл" клубы ел біріншілігін жеңіп алған болатын. Енді волейболшы Қазақстанға алты айға оралды.
Интернет-басылым ең бай 20 волейболшының рейтингін түзген болатын. Отандасымыз Сабина Алтынбекова 11-орында тұр. Байлығы 4,7 миллион доллар деп бағаланған. Тізім клуб деңгейіндегі табыс, демеушілерден түсетін қаржы мен жылжымайтын мүлікке салған инвестициясы негізінде түзілген.