17 жасар филиппиндік мәнерлеп сырғанаушы Майкл Кристиан Мартинестің шешесі Сочидегі Олимпиада ойындарына ұлының қатысуы үшін қолдан келген бар мүмкіндікті жасап, ең аяғы болмаған соң ұлы үшін өз үйін төлемге қойған, деп хабарлайды Rappler.com сайты.
Бастапқыда Мария Тереза Мартинес аталған елдің президенті III Бенигно Акиноның алдына барып, ұлының жолына демеушілік жасауын сұраған. Алайда, ондағылар теріс жауап қайырыпты. Өз үйін төлемге қою сол кезде келіпті.
"Ұлымның Сочи Олимпиадасына қатысуы үшін үйімді төлемге қоюға бел будым. Бұл үлкен қомақты қаржы. Филиппин президенттігі аппаратында біздің елді Олимпиадада таныстыратынын білетініне күмәнім бар", - дейді шешесі.
17 жастағы Майкл Мартинес бүгінгі кеште өз сеніміне иек артуы тиіс. "Әлі күнге сенім арта алатын бірде-бір тірі жан болып көрмепті. Тек шешем ғана, - дейді филиппиндік мәнерлеп сырғанаушы, - сол үшін мен Құдайдан қолдау күтемін. Әрбір жарыста мен одан көмек тілеп, қол ұшын созуын сұраймын және шын мәнісінде орындалып тұрады", - дейді.
Мартинес мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада бүгін, 13 ақпан күні өнер көрсетпек.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: metronews.ru