- Негізгі бет
- Сочи-2014
- Су астында мәнерлеп...
Су астында мәнерлеп сырғанау
Новосібірлік акробатикалық ұжым Ресей спортшыларына мәнерлеп сырғанауда қолдау көрсету мақсатында жаңа спорт түрін дүниеге әкелді: олар су астында мәнерлеп сырғанаудың акробатикалық небір қиын элементтерін орындады. Бұл жайлы акробатикалық ұжымның өкілдері хабарлауда.
Осылайша, новосібірліктер жаңа спорт түрінің тууына мұрындық болып отыр. Акробаттар мәнерлеп сырғанаудың қиын әдістерін мұз айдында емес, су астында, бассейнде орындап көрген.
Жобаның жетекшісі Надежда Зайцева: "Бұл ойымыз интернет-жобалардың бірінің арқасында дүниеге келді. Сосын, біздер ешкімнің қайталауына келмейтін жаңа бір дүниені ойластырдық: су астында мәнерлеп сырғанау" - дейді.
Акробаттарға су астында суретке түсу қиындық келтіріпті. Демдерін ішке жинап, конькимен су ішінде көзді ашық қалдыру акробаттарға оңайға соқпаған. Тәжірибелі кәсіби маман болған күннің өзінде, нағыз сын екен.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: therussiantimes.com
Л. Лига