Сочиге баратын биатлоншыларымыз белгілі болды

Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына баратын биатлоннан Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды. Бұл туралы Biathlon.kz. порталы ақпарат таратып отыр.

Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасына 5 спортшыдан енген.

Әйелдер құрамы: Елена Хрусталева, Дарья Усанова, Марина Лебедева, Алина Райкова және Галина Вишневская.

Ерлер құрамы: Ян Савицкий, Антон Пантов, Сергей Наумик, Диас Кенешев және Александр Трифонов.

Құраманың бапкерлік құрамында Михаил Дудченко, Николай Выдрин, Виктор Смирнов және сервис-группада Андрей Белопухов бар.

Естеріңізге сала кетсек, 2010 жылы Ванкуверде өткен қысқы Олимпиадада Елена Хрусталева күміс жүлде еншілеген болатын. Ал Сочидегі дүбірлі дода ақпан айының 6-23 аралығында өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: biathlon.kz