Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарын әлемнің түкпір-түкпірінен телекөрермендердің рекордтық мөлшері тамашалауда. Сол арқылы бұл көрсеткіш ертеректе болған қысқы ойындарды артта қалдырып отыр.
Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах осы жөнінде Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуде мәлім етіп, Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарының керемет ұйымдастырылғанын және оларды рекордтық телеаудиторияның тамашалап отырғанын тілге тиек еткен:
"Сіз, бұған дейін де кездесулерде, бәлкім, қысқы ойындардың керемет ұйымдастырылғаны жөнінде өзгелердер де естіген боларсыз. Ойындар жоғары деңгейде ойластырылғаны соншалықты, күнбе-күн жиналыс өткізудің еш қажеттігі жоқ. Бұған ешқандай қисын да жоқ.
Олимпиада қарсаңында қысқы ойындарды тамашалап жатқан телекөрермендердің саны рекодтық көрсеткішке жетті" - дейді Бах.
Бір айта кетерлігі, телекөрермендер арасында спорттың мәнерлеп сырғанау түрі, биатлон мен тау шаңғысы жарыстары кеңінен танылуда екен. Мәселен, мәнерлеп сырғанаушылардың қысқа бағдарлама мен командалық жарыста жұптасып өнер көрсетулерін телеэкраннан 29 миллионға жуық ресейлік тамашалапты.
Естеріңізге сала өтсек, Олимпиаданың ашылу салтанатын тамашалаған телевизиялық аудитория жер-әлемнің 3 миллиард тұрғынын қамтыған.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: metronews.ru