Сочи Олимпиадасының ашылу салтанаты күні бала туудың соңғы 10 жылда орнап көрмеген рекордтық көрсеткіші тіркеліпті. «Интерфакстың» хабарлауынша, 7 ақпанда XXII қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу күні жарық дүниеге 34 сәби келген, оның жиырма төрті ұл бала, оны қыз бала екен.
Олимпиаданың ашылу салтанатты түнінде дүниеге жеті бала келіпті: төрт ұл бала мен үш қыз бала. Бір айта кетерлігі, сәбилердің бірі Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты уақытында (Астана уақытымен сағат 22:14-те) дүние есігін ашқан.
Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу кеші 7 ақпан күні «Фишт» стадионында өткен болатын. Олимпиаданың алауын жағу мәртебесі Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы, хоккейден Ресей Федерациясының президенті Владислав Третьяк пен мәнерлеп сырғанаудан Олимпиаданың үш дүркін жеңімпазы Ирина Роднинаға берілді.
Сочидегі қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 23 жұлдызына дейін жалғасады.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: minval.az