«Infostrada» сараптамалық орталығы Сочиде өтетін 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының медаль алу мүмкіндіктерін саралап көріпті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Олар түзген виртуалды кестедегі мәліметтер командалардың әр ай сайынғы әлемдік додалардағы жеткен жетістіктеріне қарай өзгертіліп қойылған.
Мысалы, қаңтар айындағы жаңарған кестеде Қазақстан жалпы есепте 21 орынға көтеріліпті. Сарапшылардың ойынша, Қазақстан құрамасына алтын медальды шаңғышы Алексей Полтаранин (15 шақырымға классикалық жарыс) алып келеді. Дегенмен мамандар осыған дейін оған тек күмісті ғана беріп келген болатын. Сондай-ақ еліміздің шаңғышылары командалық жарыста да бір медальды еншілеп қалуы ғажап емес.
Infostrada сарапшылары Сочи Олимпиадасында жалпы командалық есепте Норвегия елінің спортшылары 14 алтын, 12 күміс және 10 қоламен топ жарады деп болжап отыр. Екінші орында 14 алтын, 8 күміс және 8 қола медальмен АҚШ тұр. Ал жарыс қожайындары Ресей 5 алтын, 6 күміс және 4 қоламен тек алтыншы орынды қанағат тұтпақ.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: vesti.kz