Сочиде өтетін ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімі белгілі болды. Ал топ жарған спортшыларымыз сыйақыдан кенде қалмайтыны белгілі.
Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатовтың бүгін пресс-конференцияда берген мәліметі бойынша, Олимпиадада жеңімпаз болып танылған спортшы 250 мың АҚШ долларын сыйақыға алатын болады. Екінші орын үшін – 150 мың, үшінші орынға – 75 мың АҚШ доллары тарту етілмек. Сонымен қатар алтыншы орынға дейінгі көрсеткішке қол жеткізген спортшылар мен бапкерлері де сыйақыдан құр қалмайтыны белгілі болды.
Естеріңізге сала кетсек, Сочи қысқы Олимпиадасында ел намысын 50 спортшы қорғайды. Олар спорттың 10 түрінен сынға түсетін болады. Ал ақ Олимпиадаға барлығы 5500-дей спортшы қатысады. Спорттың 15 түрінен, 98 медальдар жиынтығын сарапқа салатын болады.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: gornovosti.ru