Cочиде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының тоғызыншы күнінде бес медаль комплектісі сарапқа салынады.
Спортшылар биатлонның масс-старт түрінде (ерлер), тау шаңғысында супергигант сайысында (ерлер), 4×10 шақырым қашықтыққа шаңғы эстафетасында (ерлер), сноуборд-кросста (әйелдер), коньки тебу спортында 1500 қашықтыққа жарыс жолына шығады.
Супергигант сайысында ел спортшылары жүлделі орындарға таласып көреді. Ел атынан Дмитрий Кошкин, Мартин Хубер, Игорь Закурдаев өнер көрсетеді. "Хабар" мен KazSport телеарналарынан Астана уақытымен сағат 12:00-де тамашалай аласыздар.
Ерлер арасында 4×10 шақырымға шаңғы эстафетасында Қазақстан құрамасынан Денис Волотки, Сергей Черепанов, Евгений Величко, Марк Старостин шығады. "Хабар" мен KazSport телеарналарынан сағат 16:00-де көре аласыздар.
Конькимен жүгіруде Екатерина Айдова бақ сынайды. 1500 метр қашықтыққа жарыс жолы сағат 20:00-де басталады.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: russkating.ru