Сочи-2014: Юлия Галышева финалға шықты

Сочи-2014: Юлия Галышева финалға шықты

Сочиде өтіп жатқан XXII қысқы Олимпиада ойындарында 21 жастағы отандық фристайлшымыз Юлия Галышева могул бағдарламасынан сүрінбей өтіп, бірден финалға шықты.

Юлия Галышева берілген қашықты қиналмай еңсеріп, нәтижесінде қазылар алқасының бағалауымен (21,17)  алтыншы орынға тұрақтады.

Жарыстың іріктеу кезенінің ережесі бойынша, үздік деп танылған он спортшы жарыстың финалдық бөлігіне өтеді. Қалғандары финалға екінші іріктеу кезеңі арқылы өтуге мүмкіндік алады. Мұнда да он үздік анықталады екен. 

АҚШ елінің атынан шыққан Олимпиада чемпионы Ханна Кирни іріктеу кезеңінің жеңімпазы атанды. Сонымен бірге, Жюстин Дюфур-Лапуан (Канада), Элиза Утрим (АҚШ), Максим Дюфур-Лапуан (Канада), Перрин Лаффон (Франция), Аико Уемура (Жапония), Максим Дюфур-Лапуан (Канада), Хлоя Дюфур-Лапуан, Одри Робишо (Канада) және Регина Рахимова (Ресей) бірден финалға жолдама алды. 

Могулшы қызымыз Дарья Рыбалова 23-орын алды. Енді спортшы қызымыз екінші іріктеу кезеңі арқылы финалдық бөлікке өтуге тырысып көреді. 

Могулдан әйелдер арасында іріктеу кезеңі 8 ақпан күні өтпек.

Естеріңізге сала кетсек, Сочидегі қысқы Олимпиада ойындары ертең Астана уақыты бойынша кешкі сағат 22.00-де жалауын көтереді. Қазақстан атынан 52 спортшы 10 спорт түрінен сынға түседі. Қысқы Ойындардың ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та қатысатынын айта кетейік.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: english.people.com.cn 


Л. Лига