Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы ерлер арасында биатлоннан 20 шақырымға жекелей додада ел намысын қорғаған спортшыларымыз жоғарғы нәтижеге қол жеткізе алмады.
Биатлоннан 10 шақырымға созылған жекелей сында француздық спортшы Мартен Фуркад Сочидегі екінші алтынын мойнына тақты. Осыған дейін бұл биатлоншы ерлер арасындағы 12,5 шақырымдық додада топ жарған болатын. Ол бұл қашықтықты 49:31.7 минут уақытта бағындырды. Күміс неміс Эрик Лессерге бұйырса, қоланы жарыс қожайындарының биатлоншысы Евгений Гараничев иеленді.
Ел намысын қорғаған Ян Савитский 52:00.0 минут көрсеткішімен 20-шы орыннан көрінді. Одан өзге қазақстандық спортшылардың қатарынан Антон Пантов сәтті өнер көрсеткенімен, жылдамдығы аз болып, 27-ші орынға тұрақтады. Ал Сергей Наумик 73-ші, Александр Трифонов 85-ші сатыдан көрінді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.kz