Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында Ресей құрамасының намысын қорғап жүрген кореялық спортшы Виктор Ан шорт-тректен 1000 метрлік қашықтықта Олимпиада чемпионы атанды.
Күміс жүлде де жарыс қожайындарының спортшысы Владимир Григорьевке бұйырса, қоланы нидерландылық Сийнке Кнегту жеңіп алды.
Виктор Ан осылайша Олимпиада ойындарындағы төртінші алтынына қол жеткізіп отыр. Ол осыған дейін 2006 жылы Туринде өткен додада үш алтынды Оңтүстік Корея елінің атынан түскен сында жеңіп алған-ды. Бұл - Ресей құрамасының қоржынына түскен үшінші алтын жүлде.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: ria.ru