- Негізгі бет
- Сочи-2014
- Сочи-2014. Үндістан өз...
Сочи-2014. Үндістан өз жалауымен қатыса алмайды
Сочиде өтетін Олимпиада ойындары қарсаңында үндістандық спортшылардың өз елдерінің туын ұстап шықпайтыны, оның орнына олимпиадалық жалаумен өнер көрсететіні белгілі болды деп хабарлайды AP орталығы.
2012 жылдың желтоқсан айында Халықаралық Олимпиада комитеті Үндістанның Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығын сайлауға жоғары өкіметтің араласуына байланысты, аталған комитеттің жұмысын жарамсыз деп тапқан болатын. Халықаралық Олимпиада комитеті сайлаудың қорытындысын жоққа шығарып, Сочиде өтетін Олимпиада ойындарына дейін қайта өткізуін тапсырып еді. Дегенмен, жаңа сайлау күні 9 ақпанға бекіпті, ал Олимпиада ойындары ол уақытта (7 ақпан күні) басталып та кетеді.
Халықаралық Олимпиада комитеті Олимпиадаға жолдама алған үндістандық спортшыларды олимпиадалық жалаумен өнер көрсететін тәуелсіз қатысушылар ретінде таниды.
Сочиға Үндістаннан 4 спортшы бармақ.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: bigstory.ap.org
Л. Лига