Тина Мазе Сочидегі Олимпиада ойындарында «слалом-гигант» сайысында алтыннан алқа тағып отыр.
30 жастағы словениялық спортшы 2:36.87 уақыт көрсеткішімен брінші орынды иеленді. Екінші орын Аустрия елінің өкілі Анна Феннингерге бұйырды (+0,07 секунд). Қола жүлдені неміс қызы Виктория Ребенсбург иемденді (+0,27).
Естеріңізге сала өтсек, бүгін кеште конькимен жүгіруде 10 000 метр қашықтыққа Дмитрий Бабенко шығады. Ел спортшысы осымен Сочидегі үшінші жарыс жолына шыққалы отыр. Ертеректе Дмитрий 5000 метр қашықтықта 15-орынды иемденсе, 1500 метр қашықтықта 30-орынды місе тұтқан болатын. Жарыс жолының басталуы Астана уақытымен сағат 19:00-ге жоспарланған.
Тізімде 14 спортшының аты аталады, біздің Бабенко неміс елінің өкілі Патрик Беккертпен жұптасып шықпақ екен.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: skitours.com.ua