- Негізгі бет
- Сочи-2014
- Сочи-2014: спортшылар жарыстың...
Сочи-2014: спортшылар жарыстың он үшінші күнінде
Сочи Олимпиадасының он үшінші жарыс күнінде алты медаль комплектісі сарапқа салынады.
Бұл күні ел спортшылары сынға түспейді.
Түнде хоккейден қыз-келіншектер арасында финалдық ойын өтеді. Канада мен АҚШ құрамасы кездеспек. Мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарлама сайысында үздіктер анықталатын болады.
Тау шаңғысы жарысы бойынша шаңғы қоссайысы және фристайл ойындары өтеді. Керлингтен әйелдер арасында үшінші орынға таласта Швеция мен Канада құрамасы жолығыспақ.
Естеріңізге сала өтсек, дәл қазіргі таңда Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. Мәнерлеп сырғанаудан ел спортшысы Денис Тен қола жүлде иегері атанған болатын.
Ертеректе ол қысқа бағдарлама ұпайымен қоса есептегенде барлығы 255.10 ұпай жинап, қола медальды иеленген еді. Командалық есепте Қазақстан 25 орында тұр.
Төменде Сочи Олимпиадасының күнтізбесі:
16:45. Фристайл. Ски-кросс. Ерлер – финал
17:00. Шаңғы қоссайысы. Командалық жарыс. Ерлер – финал
14:30. Керлинг. Әйелдер. Үшінші орын үшін матч
18:00. Хоккей. Әйелдер. Үшінші орын үшін матч
19:30. Керлинг. Әйелдер. Финал
23:30. Фристайл. Хавпайп. Әйелдер – финал
21:00. Мәнерлеп сырғанау. Әйелдер – еркін бағдарлама
23:00. Хоккей. Әйелдер. Финал
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: fun2mass.ru
Л. Лига