Сочи - 2014. Соңғы алтын медаль Канадаға бұйырды

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының соңғы алтын жүлдесі өз иесін тапты. Хоккейден ерлер арасындағы ақтық сында Канада Швеция құрамасын тізе бүктіріп, өз қоржындарына 10-шы алтын медальды салды.

Ақ Олимпиаданың көркін қыздыратын спорт түрлерінің бірі саналатын доданың ақтық сынында канадалықтардың қатарынан Джонотан Тойк, Сидни Кросби және Крис Куниц көзге түсті. Ал швед хоккейшілері жауап қата алмады. Нәтижесінде 3:0 есебімен "үйеңкі жапырақты" елдің құрамасы Олимпиада чемпионы атанды.

Естеріңізге сала кетсек, қола жүлде жолындағы тартыста Финляндия құрамасы АҚШ хоккейшілерін 5:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. 

Олимпиаданың салтанатты жабылу кеші Астана уақытымен сағат 22:14-те басталады. Көрсетілімді KazSport пен "Хабар" арнасынан көре аласыздар.

Сонымен төрткүл төрт жыл Сочи Олимпиадасы да мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жалғыз қолаға ғана қол жеткізе алды. 

ОрынМемлекет    Алтын        Күміс        Қола        Барлығы     1  Ресей 13 11 9 33 2  Норвегия 11 5 10 26 3  Канада 10 10 5 25 4  АҚШ 9 7 12 28 5  Нидерланды 8 7 9 24 6  Германия 8 6 5 19 7   Швейцария 6 3 2 11 8  Беларусь 5 0 1 6 9  Австрия 4 8 5 17 10  Франция 4 4 7 15 11  Польша 4 1 1 6 12  Қытай 3 3 2 8 13  Швеция 2 7 6 15 14  Чехия 2 4 2 8 15  Оңтүстік Корея  2 3 1 6 16  Словения 2 2 4 8 17  Жапония 1 4 3 8 18  Финляндия 1 3 2 6 19  Қлыбритания 1 0 2 3 20  Украина 1 0 1 2 21  Словакия 1 0 0 1 22  Италия 0 2 6 8 23  Латвия 0 2 2 4 24  Австралия 0 2 1 3 25  Хорватия 0 1 0 1 26  Қазақстан 0 0 1 1

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:ntv.ru