Шведтің жас спортшысы Хенрик Харлаут слоупстайл cайысында қиын элементтерді жасаймын деп, бір жолы шалбарын жоғалтып алуға шақ қалыпты...
13 ақпанның жарыс күнінде орын алған оқиға екен. Спортшы слоупстайлдың қиын әдістерін жасаймын деп, бұтындағы шалбарын жоғалтып ала жаздаған.
Дегенмен, Хенрик болған жайтқа мән берместен, жарыс жолын еш алаңсыз жалғастыра беріпті. Ақырында алтыншы орын алған. Журналистерге берген сұхбатында ол спорттық ғұмырындағы ең ұзаққа созылған, естен кетпес әрі ең күшті жарыс жолы болғанын мәлім еткен.
Бір қызығы, скандинавиялық ер жігітіміз сайыс уақытысында шалбарын екінші рет түсіріп алған - әуеге көтерілген сәтте шалбары түсіп кетіпті.
Кейіннен анықталғандай, спортшының осы бір іс-қылығы - күні бұрын ойластырылған дүние екен. Өз болмыс-бітімінің ерекшелігі себеп болған көрінеді. Өз сөзінде ол тау шаңғысына арналған шалбар мен күртешелердің кең үлгісін киіп жүретінін тілге тиек еткен. Құрамасы сапында жалғыз өзі осылай жасайтынын жасырмаған.
Фристайлдың бас қаһарманы өзінің Twitter-дегі парақшасына Сочи Олимпиадасының суреттерін жиі салып тұрады екен.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: lenta-ua.net