Фристайлшыларымыз Сергей Берестовский мен Бағлан Іңкәрбек шаңғы акробатикасынан ерлер арасындағы сайыста екінші іріктеу кезеңінен аса алмады.
Сол арқылы ел спортшылары финалға берілер жолдамадан қағылды. 28 жастағы Сергей Берестовский екінші іріктеу кезеңінде 85.30 балмен 11-орынға табан тіресе, 19 жастағы Бағлан Іңкәрбек 79.31 балмен 13-орынды місе тұтты.
Естеріңізге сала өтсек, ертеректе Сергей 82.84 баллмен 16-орыннан көрінген болатын. Бағлан 60.16 балмен жарыс жолын соңғы болып аяқтап еді.
Финалға бағы жанған үздік алты спортшы шықты.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: vesti.kz