Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының бүгін медальдар жиынтығы сарапқа салынған сегізінші күн де өте шықты. Қазақстан атынан шыққан спортшыларымыздың нәтижесі жоғары бола қойған жоқ. Үздік нәтиже ерлер арасында конькимен 1500 метр қашықтыққа жүгіру сынында бақ сынаған Денис Кузинге тиесілі болды. Ол тоғызыншы орыннан көрінген болатын.
Сегізінші күннің соңғы медальдар жиынтығы ерлер арасындағы скелетон мен тұғырдан секіру спорты түрлерінен сарапқа салынды. Алғашқысы бойынша Ресей спортшысы Александр Третьяков чемпион атанып, ұлттық құрамасының қоржынына 4-ші алтынды салды. Күміс латвиялық скелетоншы Мартинс Дукурсқа бұйырса, қоланы америкалық Мэттью Антуан жеңіп алды.
Тұғырдан (трамплин) секіру сынында осыған дейін Польша құрамасына алтын алып келген Камил Стох екінші алтынына қол жеткізді. Күміс медаль жапон Нориаки Касаи еншісіне жазылса, қоланы словениялық Петер Превц жеңіп алды.
ОрынМемлекетАлтынКүмісҚолаБарлығы 1Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vk.com