Ева Самкова Сочиде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында борд-кросс сайысында алтыннан алқа тағынып, өз елінің қоржынына алғашқы алтынды салып отыр.
Чех сноубордшысы жарыс жолында өзінің даусыз мықты екенін таныта алды. 20 жастағы чех спортшысы ширек финалда да, жартылай финалда да, финалдық жарыс жолында да керемет өнер көрсетіп, үздік уақыт көрсеткішін тіркеді.
Күміс медаль француз қызы Хлоэ Треспешке бұйырса, қоланы АҚШ елінің спортшысы Файе Гулини алды.
Бұл сында ел спортшылары өнер көрсеткен жоқ.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет:sport.gazeta.kz