Шаңғышыларымыз Алексей Полторанин мен Николай Чеботько Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан ерлер арасында командалық классикалық спринт сайысында финалға шықты.
Германия (23:36.23) мен Чехия (23:39.06) құрамалары бірінші мүмкіндіктен финалға өтсе, екінші мүмкіндікте Финляндия (23:26.13) мен Ресей құрамаларының (23:26.91) бағы жанды. Финалда, сонымен бірге, Швеция, АҚШ және Франция құрамалары өнер көрсетеді.
Алексей мен Николай 23 минут, 28.50 секунд уақыт көрсеткішімен екінші жартылай финалда төртінші орынға табан тіреген болатын. Дегенмен, ұйымдастырушылардың есебінен финалға шығып отыр.
Командалық спринттің финалы Астана уақытымен 18:15-ке жоспарланған.
Ертеректе әйелдер арасында осы сынға ел атынан екі спортшы қатысқан болатын. Елена Коломина мен Анастасия Слонова жарыс жолын тоғыз команданың ішінде соңғы болып аяқтап, мәре сызығына 17 минут, 49.66 секундта келіп еді.
Әйелдер арасында финалда Финалда Норвегия, Швеция, Финляндия, Польша құрамалары мен финалға күні бұрын өткен АҚШ, Швейцария, Ресей, Германия, Аустрия, Словения құрамалары бақ сынайды.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: sports.kz