- Негізгі бет
- Сочи-2014
- Сочи-2014: отандық спортшыларымыз...
Сочи-2014: отандық спортшыларымыз жарыстың үшінші күнінде...
Бүгін биатлон, фристайл, шорт-трек, тау шаңғысы мен коньки тебу спорт түрлерінен алтын, күміс, қола медальдар сарапқа салынады...
Қазақстан құрамасын ерлер арасында шорт-тректе 1500 метрлік арақашықтықта Айдар Бекжанов пен Денис Никиша таныстырса, 500 метрге әйелдер арасында жарыс жолына Инна Симонова шығады. Ерлер Астана уақытымен сағат 15:45-те өнер көрсетсе, қыз-келіншектеріміз жарыс жолына сағат 16:30-да шығып, бақ сынайды. Тікелей көрсетілімді KazSport арнасынан тамашалай аласыздар.
19:00-де конькишілер 500 метр қашықтыққа жарысы жолына түседі. Қазақстан атынан Роман Креч бақ сынайды.
20:00-де ерлер арасында моглу бағдарламасының іріктеу кезеңінен шығуға Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков пен Дмитрий Бармашов мүмкіндік алып көреді. Жарысты KazSport арнасынан көре аласыздар.
Қазақстан құрамасынан Елизавета Аксенова шана спортынан жарыс жолына шығады. Басталуы: сағат 20:45-те.
Отандық биатлоншыларымыз Ян Савицкий пен Сергей Наумик жүлде үшін таласқа түседі. Тікелей көрсетілімді KazSport арнасынан көре аласыздар.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: euroradio.fm
Л. Лига