Сочи-2014: отандық спортшыларымыз жарыстың оныншы күнінде

Сочи-2014: отандық спортшыларымыз жарыстың оныншы күнінде

Сочи Олимпиадасының бүгінгі жарыс күніндегі басты спорттық шаралар...

Олимпиаданың оныншы күні, 17 ақпанда жеті медаль комплектісі сарапқа салынады. Спортшылар биатлон, бобслей, фристайл, мәнерлеп сырғанау, сноуборд пен шаңғы акробатикасында бақ сынайды. Сонымен бірге, осы күні хоккейден әйелдер арасында финалға шыққандар анықталады.

Сергей Берестовский мен Бағлан Іңкәрбек ел атынан шаңғы акробатикасында сайыс жолына шығады. Қазақстан құрамасы бүгін осы спорт түрінен ғана жарыс жолына қатысады. KazSport арнасынан тікелей эфирде Астана уақытымен сағат 19:45-те бірініші іріктеу кезеңін көре аласыз.

Дәл қазіргі таңда Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. Мәнерлеп сырғанаудан ел спортшысы Денис Тен қола жүлде иегері атанған болатын.

Естеріңізге сала өтсек, ертеректе ол қысқа бағдарлама ұпайымен қоса есептегенде барлығы 255.10 ұпай жинап, қола медальды иеленген еді. Ал ел намысын қорғаған тағы бір спортшымыз Абзал Рақымғалиев қорытынды есепте 174.40 ұпаймен  22-ші орынды қанағат тұтқан-ды.

 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: belta.by

Л. Лига