- Негізгі бет
- Сочи-2014
- Сочи-2014: отандық спортшыларымыз...
Сочи-2014: отандық спортшыларымыз жарыстың он екінші күнінде
Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарының он екінші күнінде сегіз медаль комплектісі сарапқа салынады екен. Спорттық сайыстың үш түрінен ел спортшылары сынға түседі.
Отандастарымыздан Валерия Цой жарыс жолына бірінші болып шығады. Сноубордшы қызымыз параллельді алып слалом бағдарламасы бойынша бақ сынайды. Іріктеу кезеңінің басталуы Астана уақытымен сағат 11:15-ке жоспарланған. Тікелей көрсетілімді KazSport арнасынан тамашалай аласыз.
Сағат 15:15-те тау шаңғысынан командалық классикалық спринт сайысы басталады. Шаңғышыларымыз Елена Коломина мен Анастасия Слонова өнер көрсетеді. Ізімен финалға берілер жолдаманы сарапқа салу үшін отандық спортшыларымыз Алексей Полторанин мен Николай Чеботько жарыс жолына шығады. KazSport арнасынан 16:05-те көрсетеді.
Биатлоннан 2×6 шақырымдық әйелдер эстафетасы мен 2×7,5 шақырымдық ерлер эстафетасында Елена Хрусталева, Дарья Усанова, Ян Савицкий мен Антон Пантов жарыс жолына шығады.
Сонымен бірге, бүгін ерлер арасында хоккейден 1/4 финалдық ойындары өтеді.
Дәл қазіргі таңда Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. Мәнерлеп сырғанаудан ел спортшысы Денис Тен қола жүлде иегері атанған болатын.
Естеріңізге сала өтсек, ертеректе ол қысқа бағдарлама ұпайымен қоса есептегенде барлығы 255.10 ұпай жинап, қола медальды иеленген еді. Ал ел намысын қорғаған тағы бір спортшымыз Абзал Рақымғалиев қорытынды есепте 174.40 ұпаймен 22-ші орынды қанағат тұтқан-ды.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: valerietsoy.com
Л. Лига