Сочиде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының алтыншы күні алты алтын, күміс, қола медаль иелері анықталады. Медальдар мынадай спорт түрлері арасында сарапқа салынады: биатлон, коньки тебу спорты, фристайл, шана спорты мен шорт-трек және тау шаңғысы.
Отандық спортшыларымыз бүгін биатлон, коньки тебу спорты, шорт-трек пен тау шаңғысы, мәнерлеп сырғанауда сынға түседі.
Сағат 16:00-де әйелдер арасында он шақырымға классикалық стильмен шаңғы жарысы басталады. Қазақстан құрамасының атынан Татьяна Осипова, Елена Коломина мен Анастасия Слонова өнер көрсетеді. Тікелей көрсетілімді "Хабар" телеарнасынан тамашалай аласыздар.
17:31-де ерлер арасында 5000 шақырымға жарыс жолында еліміздің шорт-трекшілері бақ сынамақ. Тікелей көрсетілімді KazSport арнасынан көруге болады.
20:00-де ерлер арасында биатлоннан 20 шақырымға созылған жекелей сын басталады. Отандық спортшыларымыз Ян Савитский, Антон Пантов, Сергей Наумик және Александр Трифонов өнер көрсетеді.
Сонымен бірге, сағат 20:00-де әйелдер арасында 1000 метр қашықтыққа коньки тебу жарысы басталады. Еліміздің атынан Екатерина Айдова жарыс жолына шығады.
21:00-де ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан Абзал Рақымғалиев пен Денис Тен өнер көрсетеді. Бір айта кетерлігі, Денистен осы күні көпшілік қазақстандықтар медаль күтуде. Тікелей көрсетілім KazSport арнасынан.
| Орын | Мемлекет | Алтын | Күміс | Қола | Барлығы |
|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Германия | 6 | 1 | 1 | 8 |
| 2 | Канада | 4 | 4 | 2 | 10 |
| 3 | Норвегия | 4 | 3 | 5 | 12 |
| 4 | Нидерланды | 4 | 2 | 4 | 10 |
| 5 | АҚШ | 3 | 1 | 5 | 9 |
| 6 | Швейцария | 3 | 0 | 1 | 4 |
| 7 | Ресей | 2 | 4 | 3 | 9 |
| 8 | Австрия | 1 | 4 | 0 | 5 |
| 9 | Словения | 1 | 1 | 2 | 4 |
| 10 | Франция | 1 | 0 | 2 | 3 |
| 11 | Оңтүстік Корея | 1 | 0 | 0 | 1 |
| 11 | Польша | 1 | 0 | 0 | 1 |
| 11 | Словакия | 1 | 0 | 0 | 1 |
| 11 | Беларусь | 1 | 0 | 0 | 1 |
| 15 | Швеция | 0 | 3 | 1 | 4 |
| 16 | Жапония | 0 | 2 | 1 | 3 |
| 16 | Чехия | 0 | 2 | 1 | 3 |
| 18 | Италия | 0 | 1 | 1 | 2 |
| 19 | Аустралия | 0 | 1 | 0 | 1 |
| 19 | Қытай | 0 | 1 | 0 | 1 |
| 19 | Финляндия | 0 | 1 | 0 | 1 |
| 22 | Украина | 0 | 0 | 1 | 1 |
| 22 | Ұлыбритания | 0 | 0 | 1 | 1 |
| 22 | Латвия | 0 | 0 | 1 | 1 |
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: tengrinews.kz
Л. Лига
Германия
Канада
Норвегия
Нидерланды
АҚШ
Швейцария
Ресей
Австрия
Словения
Франция
Оңтүстік Корея
Польша
Словакия
Беларусь
Швеция
Жапония
Чехия
Италия
Аустралия
Қытай
Финляндия
Украина
Ұлыбритания
Латвия