Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының он күні де артта қалды. Әзірге жалпыкомандалық есепте Германия құрамасы көш бастап келеді. Ал бүгін барлығы 7 медальдар жиынтығы сарапқа салынуы тиіс болатын. Алайда ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 жарыс тізбегі кейінге шегерілді. Осылайша барлығы 5 медальдар жиынтығы таратылды.
Жаңа ғана жұптасып мұз үстінде билеу, бобслейден жұптық, ерлер арасында фристайлдың акробатика сынынан және ерлер арасынадағы К-125 санатындағы тұғырдан секіру додаларының медальдар жиынтығы таратылды.
Бүгін Беларуссия құрамасы спортшыларының жұлдызы жанды. Олар өз қоржындарына екі бірдей алтын медаль салды. Біріншісі биатлоннан әйелдер арасында 12,5 шақырымдық сында жеңімпаз танылған Дарья Домрачева болса, екіншісі фристайлдың акробатика додасында Антон Кушнир топ жарды. Осылайша беларус спортшыларының "алтын" жүлде саны бесеуге артты.
Мәнерлеп сырғанаудың мұз үстінде билеп жұптасып өнер көрсету сынында АҚШ спортшылары Мэрли Дэвис пен Шарли Уайт жеңімпаз болса, күмісті канадалық Тесса Вирчу мен Скотт Мойр иеленді. Қола ресейлік спортшылар Елена Илиньих пен Никита Косолопов еншісіне жазылды.
Бобслейдің жұптасып өнер көрсету жарысында ақ Олимпиада алтыны Ресей құрамасының қоржынына түсті. Александр Воевода мен Алексей Зубков алтын алқаны иеленсе, күмісті швейцариялық спортшылар Алекс Бауманн және Беат Хефти иеленді. Қоланы АҚШ спортшылары Стивен Ленгтон және Стивен Холкомб жеңіп алды.
Ерлер арасындағы командалық тұғырдан секіру додасында Германия құрамасы сегізінші алтынына қол жеткізді. Күміс Австрия спортшыларына бұйырса, қоланы Жапноия құрамасы иеленді.
ОрынМемлекет Алтын Күміс Қола Барлығы 1Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vk.com