- Негізгі бет
- Сочи-2014
- Сочи-2014: Олимпиадада екі...
Сочи-2014: Олимпиадада екі рет топ жарғандар
Сочи төрінде екі алтын медальдан иеленіп, тоғызыншы күні Олимпиаданың бас қаһарманына айналған он үздік спортшыны назарларыңызға ұсынамыз:
Мәнерлеп сырғанаушылар Татьяна Волосожар мен Максим Траньков Ресей құрамасына командалық жарыста жеңіп шығуына ат салысып, сосын жұптасып өнер көрсетуде топ жарды.
Неміс спортшысы Феликс Лох сайыстың жекелей түрінен және Германия құрамасымен командалық жарыста топ жару арқылы шаңғышылар арасында сөзсіз үздік танылды.
Феликс Лохтың жерлесі Натали Гайзенбергер де шаңғы жарысында әйелдер арасында жеңіс тұғырына екі рет көтерілді.
Тобиас Арльт пен Тобиас Вендль бобслей сайысында Германияның алдын орайтын ешкімнің жоқтығын көрсетті.
Биатлоннан ерлер арасында маусымның үздік спортшысы саналатын Мартан Фуркад Франция құрамасын алға сүйреп келеді. Сайыстың жекелей түрінде де, пасьютта да жеңімпаз атанды.
Белорус қызы Дарья Домрачева Сочиде ізге түсу сайысында және жекелей сында өзге елдің өкілдерін екі рет артта қалдырды.
Швейцариялық шаңғышы Дарио Колонья скиатлонда және ерлер арасында 15 шақырымдық қашықтықта топ жарды. 27 жастағы спортшының қарқыны мұнымен тоқтамасы анық.
26 жастағы Камил Стох Сочи төрінде трамплиннен секіруде (үлкен мен орташасында) Польшаның бас қаһарманына айналып отыр. Стохты енді командалық сайыс күтуде.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sport-xl.org; eurosport.ru; sportal.ru
Л. Лига