Ола Виген Хаттестад Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы спорты түрінен қысқа қашықтықта ерлер арасында бірінші орын алды.
31 жастағы норвегиялық спортшы 3:38.39 уақыт көрсеткішімен үздік танылып, мерейі үстем болды. Екінші орын мен үшінші орын бір елдің өкілдеріне бұйырды. Нақтылап айтсақ, екінші орын 25 жастағы швед шаңғышысы Теодор Петерсонға бұйырса (3:39.61), үшінші орынды Эмиль Йенссон (3:58.13) алды.
Ертеректе осы сында Николай Чеботько ширек финалда сүрінген болатын. 33 жастағы отандық спортшымыз өз тобында бесінші орын алып, 3:39.66 уақыт көрсеткішімен келесі кезеңге өте алмай қалған еді.
Ел намысын қорғаған Денис Волотка мен Роман Рагозин алғашқы сыннан-ақ сүрінген еді. Алғашқысы қысқа қашықтықты 3:46.92 минутта бағындырса, соңғысы 3:38.56 минут нәтижесін көрсетіпті.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: isport.ua