Көп ұзамай әлем назары Қысқы Олимпиада Ойындарына ауады. Бұл жолы Ресей әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар мен жанкүйерлерді Сочи қаласында құшақ жая қарсы алады. Төртжылдықтың маңызды оқиғаларының біріне дайындық қалай жүруде, сол тағы басқа қызықты фактілер жайлы төмендегі материалда.
XXII Қысқы Олимпиада ойындары Сочиде 2014 жылдың 7-сі мен 23 ақпан аралығында өтеді.
Басты ұраны: «Жаркие. Зимние. Твои».
Канадалық Ванкуверде өткен Олимпиадамен салыстырғанда Сочи 2014-те жарыстар саны жиырмаға артты. Демек, медальдар жиынтығы 98-ге дейін жететін болады.
Қысқы Олимпиада ойындарының ашылуы мен жабылуы 40000 көрермен сиятын «Фишт» алаңында өтеді.
Олимпиада алауы эстафетасы Қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы ең ұзаққа созылған эстафета болып есептеледі. 2013 жылдың 7 қазанынан (Мәскеу) 2014 жылдың 7 ақпанына (Сочи) дейін Олимпиада алауы Ресейдің барлық автономды республикаларының астаналарын, облыстары мен аймақтарын, жалпы алғанда 40 мың шақырым жерді жүріп өтеді.
Факел тасушылардың жалпы саны он төрт мыңға жуық.
Сочи 2014 таңбасы болып Ақ аю, Қобылан мен Қоян белгіленген.
Инфрақұрылым мен жарысты ұйымдастыру үшін кеткен шығын $40 миллиард төңірегінде. Бұл сандар Сочи 2014-тің Олимпиада өткізу тарихындағы ең қымбаты екендігінің көрсеткіші.
1980 жылы Мәскеуде өткен Жазғы Олимпиада XXII-шы Жазғы болған, ал сочилік XXII-ші Қысқы болады.
Екатеринбургте Олимпиаданың басталуына дейінгі кері санақты көрсететін сағатты орнату үшін КСРО кезеңіндегі ескерткіш қайта жасақталды.
Жарыстарға билеттер бесжүз рубльден елу мың рубльге дейінгі аймақты қамтиды.
Сочиде өтетін Қысқы Олимпиада жарыс тарихында ең жинақы болмақ.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сочи 2014 ашылуына қатыспақ ниетте. Қазақстан құрамасы жалпы есепте жиырмасыншы орыннан көрінуге талпынуда.
Сурет: re-actor.net, vesti.kz
Дайындаған: Анар Мұстафина